Мектебімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қыздар арасында ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында шаш өруден жарыс ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушы қыздар бір-бірінен асып түсіп, шаш өрудің түрлі әдемі үлгілерін көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың шеберлігіне, ұқыптылығына және шаш үлгілерінің әсемдігіне ерекше назар аударды.