Бүгін мектебімізде мұғалімдердің шығармашылығы мен цифрлық шеберлігін арттыруға бағытталған «Smart Teachers» мектепішілік хакатон байқауы сәтті өтті.
Байқау барысында қатысушылар заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, инновациялық сабақ үлгілері мен креативті идеяларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Әр жоба мазмұндылығы мен жаңашылдығы бойынша жоғары бағаланды.
Шара ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашты.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Білімдегі жаңашылдық жолында бірлесе дами берейік!