Бүгін мектепішілік «Үздік ҚМЖ» байқауы өтті.
Аталған байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, сабақ жоспарлау сапасын жетілдіру және озық педагогикалық тәжірибені насихаттау. Байқауға әр пән бірлестігінен мұғалімдер қатысып, өздерінің ең үздік қысқа мерзімді жоспарларын ұсынды.
Қатысушылардың жұмыстары мазмұндылығы, оқу мақсаттарына сәйкестігі, әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы және бағалау жүйесінің нақтылығы бойынша бағаланды.
Қорытындысы бойынша география пәні мұғалімі Тұрлан Жанерке аудандық кезеңге жолдама алды.