«Қазақстан бойынша орман отырғызу күндері» экологиялық акциясы аясында мектебімізде табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көгалдандыру бағытында игі шара ұйымдастырылды. Аталған акцияға педагогтер, оқушылар және техникалық қызметкерлер белсенді қатысып, мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға үндеу және жасыл желекті көбейту. Акция барысында қатысушылар бірлесіп еңбек етіп, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсетті.