«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігінің ашылуы
Мектебімізде «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігінің ашылуы өтті. Іс-шара жоспар бойынша ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдер қатысты.
Ашылу барысында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары онкүндіктің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, балалар әдебиетінің жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Сонымен қатар мектеп кітапханашысы оқушыларды балалар әдебиетімен таныстырып, әртүрлі кітаптарға шолу жасады. Оқушыларға кітап оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспары таныстырылып, оқушылар белсенді қатысуға шақырылды.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат
Ұлттықкітапкүні_Абайоблысы

