🔹🔹🔹«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектеп Парламенті мен кәсіби бағдар беруші мамандардың ұйымдастыруымен «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еңбексүйгіштік қасиетін арттыру, қайырымдылыққа баулу және бірлік рухын қалыптастыру.
Жәрмеңкеде оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тағамдар ұсынды.
Барлық сыныптар белсене қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
Жиналған қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталды.