8-сынып оқушыларының қатысуымен ата-аналарға арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ата-ананың, әсіресе ананың бала өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, әндер орындады, жүрекке жылы әсер қалдыратын көріністер көрсетті. Сонымен қатар, аналар мен балалар арасында түрлі ойындар мен тренингтер ұйымдастырылып, әсерлі сәттерге толы болды.
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, балаларына деген ризашылықтарын білдірді. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.