Алғыс айту күніне орай 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге, мейірімділік пен ризашылық білдіруге тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар Алғыс айту күнінің мәні мен маңызы туралы айтып, бір-біріне және ұстаздарына жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылып, көріністер көрсетіліп, жүрекжарды тілектер айтылды.