Алғыс айту күніне орай мектебімізде тағылымды әрі әсерлі шара ұйымдастырылды. Бұл күні оқушылар ұстаздар мен мектеп қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара барысында оқушылар мұғалімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсетіп жүргені үшін алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жолдады. Сонымен қатар мектептің техникалық және өзге де қызметкерлеріне адал еңбегі, жауапкершілігі және мектеп өміріне қосқан үлесі үшін құрмет көрсетілді.