«Мұғалімге көмекші – Жасанды интеллект: уақытты үнемде, жұмысыңды жеңілдет!» — курстан кейінгі диалог. «Есет» мектеп-бөбекжай кешені» КММ — де Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект курсын оқып келген мұғалімдермен мектепішілік семинар ұйымдастырылды. Биология пәні мұғалімі М. Құлекенова курста ЖИ -мен ҚМЖ-ны қалай жасау керектігі, тапсырмаларды қандай платформалар арқылы қолдану тиімді екендігі жайында түсіндіріп, көрсетті. Информатика пәні мұғалімі А.Анесова ЖИ арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға болатын платформалармен таныстырып өтті.
Қорыта айтқанда, семинар барысында жасанды интеллектінің (ChatGPT, Canva, Google Bard, Copilot т.б.) білім беру процесіндегі рөлі зор. Мұғалімге сабақ әзірлеуге, бағалау кезінде уақытты үнемдеуге пайдасы мол.