Мектебімізде Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Таңертең оқушылар ұстаздарын қуанышпен қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл күні ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі үлесі аталып өтті.