Мектебімізде дәстүрлі «Дублер күні» өткізілді. Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің орнына сабақ өткізіп, мектептің басқару ісіне араласты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жауапкершілігін арттыру, педагог мамандығына қызығушылығын ояту және өз қабілеттерін сынау.
Дублер күніне белсенді түрде 9–11 сынып оқушылары қатысып, өздерін ұстаз ретінде сынап көрді. Олар сабақ жоспарларын дайындап, оқу үдерісін өз бетінше жүргізді. Сонымен қатар, мектеп директоры мен оның орынбасарларының қызметін де дублер-оқушылар атқарды.


