Skip to content

«Тіл – рухани қазына»

Қазақстан халқы үшін 5 қыркүйек – ерекше мерекелік күн. Бұл күн елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтеді. Сонымен қатар дәл осы күн қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, халқымыздың ұлы перзенті, ағартушы-педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуімен де айрықша мәнге ие.
Осыған орай мектебімізде «Тіл – рухани қазына» апталығы бастау алды. Апталықтың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұлықтау, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектерін дәріптеу, жас ұрпақтың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Апталық барысында түрлі танымдық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, оқушылардың тіл байлығын дамытуға, рухани дүниесін кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *