Skip to content

Тіл байлығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мектебімізде оқушылардың тіл байлығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

  1. «Мықты сөз – мәнді ой» (5–7 сыныптар арасында)
    Іс-шара барысында оқушылар «1001 мақал» және «101 жұмбақ» сайысына қатысып, өздерінің тапқырлығын, ой ұшқырлығын көрсетті. Жарысқа қатысушылар мақал-мәтелдердің мәнін ашып, жұмбақ шешуде белсенділік танытты. Нәтижесінде, оқушылардың сөз өнеріне қызығушылығы артып, ұлттық мұраға деген құрметі нығая түсті.
  2. «Даналық ойдан дән ізде» (8–11 сыныптар арасында)
    Бұл шарада оқушылар ПОПС формуласы бойынша пікірталасқа қатысты. Әрбір оқушы өз ойын білдіріп, оны дәлелдеп, мысалдар келтіріп, қорытынды жасай білді. Бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, өз көзқарасын жүйелі жеткізуіне мүмкіндік берді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *